"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" акциясы

03.09.2024

1-тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Ол оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете алады.

Акцияның мақсаты мектеп оқушыларына оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар балалардың мектепке әлеуметтік себептермен келмеуіне жол бермеу . Акция ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Жалпыға бірдей білім беру қорынан қаражат білім алушылардың келесі санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінді:

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;

4. Мектептің Қамқоршылық кеңесі болып табылатын білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттарына.

 

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст