"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау-2025 ж

30.05.2025

Алға  ауылының НОМ

«Мектебім саған, мың алғыс!» атты салтанатты кеш

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты.

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

Қош келдің, айналайын, халқым менің!

1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді  құрметпен  ортаға  шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

/Музыка әуенімен түлектер ортаға шығады/

1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 9- сыныбы

Сынып жетекшісі-Бекенова А.А 

1-сыныбы. Сынып жетекшісі-Отарбаева А.С

Гимн орындалады .

1-жүргізуші: Оқу жылының аяқталуына байланысты «Мектебім саған, мың алғыс!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!!!

1-жүргізуші: Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,

Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!

Сөз берелік құрметпен құттықтауға

Түлектерге арналсын тілегіңіз!– деп , алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры  Кауданова К ымбат Каудановнаға беріледі.

2. келесі құттықтау сөзі ауылдық округінің  әкімі  –  Шакиров Нұрбек  Аманжоловичке беріледі.

3. Келесі  сөз  1-сынып оқушыларына береміз

 1-сынып оқушыларының орындауында  ән «Ардақты  ұстазым» 

1-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектер, жүрек  лүпілін  жолдар  кезек өздеріңе келіп жетті. Сөз кезегі мектеп бітіруші түлектер, өздеріңізде!

(9-сынып  оқушысы ортаға шығып ұстаздарға арнау өлеңдерін оқиды, түлектер ұстаздарға гүл шоқтарын береді.)

Ақниет тақпақ

Ән «Ұстазым»  9-сынып орындауы.

Жұлдыз :

Ұстаз деген бес әріптен құралған,

Ұстаздарым шәкірт үшін жаралған.

Шәкіртіне үйретеді білгенін,

Ұстаз мәңгі ұлағатты бір арман.

Ұстаздарға ешбір адам жетпейді,

Білім беріп бұл өмірге жетелеп

Ұстаздарым мәңгі естен кетпейді.

Мәз-мейрам боп қуанғаны әрқашан

Ұстаздарды құрметтейміз мәңгілік,

Тұр бейнесі жүрегімде жаңғырып.

Жансая :    Бүгін біз мектеп қабырғасынан кетіп бара жатқанымызға аздап мұңаямыз .Бірақ бәрі бір сәтте аяқталады.Біз есейдік, әрі қарай жүруіміз керек. Сондықтан ұстаздарға МЫҢ АЛҒЫС айтамыз ,бас иеміз .Біздің әрқайсымыз жанымызда әрқашан анамның мейірімді көзқарасы мен әкемнің дана кеңесі болатынына сенеміз.Олар бізге барлық кедергілерді еңсеруге және биіктерге жетуге көмектеседі.Ендеше келесі әніміз ата-аналарға арналады.

Ән «Перзент сыры»  ата-аналарға арналған .

Маржан  :ата-анаға  алғыс  сөз

Жансая: Мектепте өтті жылдарым,

Білімге толы сырларым.

Сағыныш болып қалатын,

Күндерім мен жырларым.

Қош бол, менің мектебім,

Ұстаз — мәңгі көсемім.

Соңғы қоңырау үнімен,

Жүректе қалар есебім.

Бала кезім — бал күндер,

Қиялға толы арман дер.

Алға ұмтылып барамыз,

Қоштасып бүгін баршамен.

«Қимай тұрмын»  әні  Буркитхан  Мұстафаның орындауында.

9 -сынып оқушылары   вальс

1-сынып оқушыларына сыйлықтарын табыстайды.

1-жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері   жылдан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Соңғы қоңырау сыңғырын соғушылар:

  1. 9-сынып оқушысы, оқу озаты,сынып белсендісі   Бекенова Жансая
  2. 1-сынып оқушысы,  сынып белсендісі- Буркитхан Жарас

---Келесі сөз кезегі ата-аналарға ,қонақтарға беріледі.

1 жүргізуші:  Ұшырады мектебің өз қолынан,

Көріне бер ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!

1-жүргізуші:

 Қоштасады  алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан  сипап  өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
 Жаңа өмірлеріңе ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Қоңырау үнімен мектеп бітіруші түлектерімізді қошеметпен шығарып салайық / Қоңырау үнімен түлектер шығады /

 

Просмотров: 56


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст