Мақсаты: Оқушыларға еліміздің су ресурстары және оны үнемдеп пайдалану туралы ақпаратпен таныстыру.
Слайд 8.
Министрлік жаңа Су кодексін әзірледі. Бұл ең алдымен суды қорғауға және оны қайта пайдалануға бағытталған маңызды құжат. Сондай-ақ, 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасын салу, 14 мың шақырым каналды реконструкциялау, су үнемдеу және цифрлы технологияларды енгізу жоспары әзірленді.
Бұл су шығынын азайтуға, су үнемдейтін технологиялар пайдаланылатын жер көлемін 1 млн гектарға дейін ұлғайтуға, шамамен 10 млрд текше метр су үнемдеуге және халықты су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді.
Биыл еліміздің 3 облысында 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 2 су қоймасы салынып жатыр.
Слайд 9
Еліміздің су саласына білікті мамандар қажет. Ол үшін Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, қазір онда 200 студент оқып жатыр. «Болашақ» бағдарламасына су мамандықтары енгізілді. Су саласының қызметкерлері үнемі өз елімізде және шетелде біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Мысалы, биыл 105 маманымыз Қытайға оқуға барады.
Слайд 10
Министрлік еліміздің ірі су айдындарын сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, біз Франциямен Балқаш көліне ауқымды зерттеу жүргізу туралы келісімге келдік. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатырмыз.
Слайд 11
Еліміздегі судың 45%-ы көршілес мемлекеттерден келетінін айтып өттім. Біз олармен үнемі келіссөздер жүргізіп отырамыз. Су дипломатиясының нәтижесінде былтыр біз Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруаларды сумен толық қамтамасыз еттік. Ресеймен тұрақты түрде су тасқыны бойынша дерек алмасамыз, Қытайдың Су шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайындалып жатырмыз.
Судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін Өзбекстанмен бірге Сырдария өзенінің бойында заманауи су есептейтін қондырғыларды орнату бойынша да жұмыс істеп жатырмыз.
Слайд 12
Су үнемдеу технологиясы – суару кезінде су үнемдеуге мүмкіндік беретін жүйелер. Олар өте тиімді және 30%-ға дейін су үнемдейді. Шаруаларды су үнемдейтін технологияларды енгізуге ынталандыру үшін біз сатып алу және орнату шығындарының 80%-ын өтей бастадық. Сонымен қатар, су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын шаруашылықтар үшін судың бағасын арзандаттық.
Слайд 13.
Біздің министрлік қоғамда су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Мысалы, тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, бекітік. Бұл крандардағы ақауларды уақтылы жою, екі режимді су ағызу цистерналарын пайдалану, кір жуатын машинаны тек толық жүктеме кезінде ғана қосу және т.б. іс-шаралар.
Ал кейбір облыстарда ауыз суға сараланған тариф енгізілді. Бұл дегеніміз, егер бір адам ай сайын 3 текше метрден артық су тұтынса, онда ол нормадан артық пайдаланған су үшін көбірек төлейді. Осының нәтижесінде, біз айына 1,6 миллион текше метр су үнемдеуге қол жеткіздік.
Слайд 14.
Сіздер, жас ұрпақ, еліміздің болашағысыздар! Жағдайды өзгертіп, елімізде ауыз су тапшылығының алдын алуға өз үлестерінді қоса аласыздар.
Сіздің арқаларыңызда еліміздің су ресурстарын болашақ үшін сақтай аламыз деп сенемін! Қазірдің өзінде дұрыс әдет қалыптастырып, оны айналаңыздағы адамдарға үйрету өте маңызды.
Слайд 15.
Енді суды үнемдеу үшін не істеуге болатыны туралы сөйлесейік.
Бағалы ресурсты сақтауға көмектесетін қарапайым әдеттер:
1️.Тіс тазалаған кезде суды өшіріңіз – бұл бірнеше есе су шығынын азайтады.
2. Крандардың техникалық жағдайын тұрақты тексеріңіз.
3.Кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды тек толық жүктемемен ғана қосыңыз.
Егер әрқайсымыз осы қарапайым ережелерді сақтай бастасақ, біз су шығынын едәуір азайтып, оны болашақ ұрпаққа сақтай аламыз.
Қорытынды сөз
Құрметті оқушылар! Біз табиғи ресурстарға бай, әдемі мемлекетте тұрамыз. Бірақ сусыз біздің еліміздің де, жалпы адамзат баласының дамуы мүмкін емес.
Ертең қандай жағдай болатыны сіз бен бізге байланысты.
Мен әрқайсыларыңызды бүгіннен бастап үйде, мектепте, далада суды қалай үнемдеуге болатындығы туралы ойлануға және бүгінгі алған білімдеріңізбен бөлісуге шақырамын.
Суды үнемдеп – болашақты сақтаңыз!