01.06.2024
БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!
мектебімізде сағат 09.00-де 5-9 сыныптарда «Білімім-Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты - балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Сынып сағаттар Әнұранмен басталып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзін тыңдалды. Сонымен қатар, «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссе етіп жазды.
Тәрбие сабағынан кейін мектеп директоры К.Кауданова оқушыларды құттықтап, жыл мектепішілік жетістіктерімен марапаттады.