ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА БИЫЛ 120 ЖЫЛ
Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер – Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл. Қайталанбас қолтаңбасы бар дарабоз суретшінің артында үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картиналар қалды. Ол - қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасы саналады. Әбілхан Қастеев 1904 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Жаркент қаласының маңындағы Шежін ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айрылған ол, бозбала шағынан қара жұмысқа жегіліп, байдың жалшысы болып жұмыс істейді. Сол кездің өзінде-ақ, бойындағы ерекше талантымен көзге түсе бастайды. Ағаш жонып, темірді иіп түрлі бейнелер жасайды. 1927 жылы Әбілхан Қастеев қатарластарымен бірге Түрксіб темір жолының құрылысында еңбек етеді. Өмірінің бұл кезеңін бейнелейтін «Түрксіб» картинасы кейін суретшінің шоқтығы биік туындыларының біріне айналды.
Суретшінің туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Ол «Қазан төңкерісі» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
2004 жылы Ә.Қастеевтің 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 50 теңгелік естелік монетаны айналымға шығарды.
2014 жылы Алматыда Қастеев үй-мұражайы ашылды.
Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.
Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.
2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.