Тәрбие сағаты тақырыбы : Спандияр Көбеевтің туғанына -145 ж
Сабақтың мақсаты:автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру; әр оқушы осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру. ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.
Аудармашы жазушы педагог ақын қоғам қайраткері Қазақстанның Еңбек сіңірген мұғалімі
1.Мұғалім сөзі:Тақтадан С.Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы мәлімет беріледі.
Жылдар сөйлейді:
1878 жыл қазанның 1-і Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.
1887 ж. желтоқсан айында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке барады.
1892-1897ж.ж. Болыстық мектепте оқиды.
1899 жылы Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық курсқа түседі.
1901 жылы Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
1910 жылы Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында жарық көреді.
1912 жылы «Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді.
1913 жылы «Қалың мал» романы басылып шығады.
1951 жылы «Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы жарық көреді.
1956 жылы Өмірден өтеді.