"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіліміздің теңдігі - ұлтымыздың елдігі"

26.09.2023

"Тіліміздің теңдігі - ұлтымыздың елдігі" атты тілдер мерекесіне білгірлер сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Жүргізген тіл маманы Бекенова Алия Амантаевна

(Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс сайыс).

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тіл-халықтың жаны» атты мемлекеттік тілді меңгеру білімдеріне арналған мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер

Әнұран айтылады

2-Жүргізуші: Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 5 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін тойлау басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Қыркүйек айының 05 күні «қазақ тілі-мемлекеттік дәрежесін алған күн» болып саналады. Ендеше, Сіздерді елімізде тойланып жатқан осы Халықаралық тілдер күнімен құттықтаймын.

1-Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

 Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-Жүргізуші: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді  ұл-қызың  мәңгі   сені      Болашағым, бақытым дара тілім.

1-Жүргізуші:

Бүгінгі біздің сайыс 2 -топ, яғни 2- команда,мектебіміздің 5-6 және 7-9 сынып оқушылары арасында өтеді. Біздің мақсатымыз –оқушының білімгедегенқұштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуғаүйрету.

2-Жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін , әр айналымның есебін шығарып,қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

Қазылар мүшелері:

1-Жүргізуші: Сонымен алдарыңызда «Тапқырлар» тобы, 5-7 сынып оқушылары және «Зеректер» тобы 8-9сыныптан құралған команда.

2-Жүргізуші: Сайыс шарттары:1) Өзін таныстыру

2) «Өлеңмен өріп ойымды» ,тілге байланысты мемлекеттік тілде өлең оқу.

3) «Алғыр болсаң озып көр» ,берілген бір сөзден бірнеше сөз құрау.

4) «Өнер алды қызыл тіл»»,тілге , сөз өнеріне,білімге,Отанға, еңбекке,халыққа байланысты мақал –мәтелдер жарысы.

5) «Білімді мыңды жығар» сұрақтарға жылдам,нақты жауап беру.

6)«Сөз байлығың өз байлығың»таблодағы суретке қарап мәтін құр

7)« Құлақтан кіріп бойды алар, тәтті ән мен тәтті күй» ән шумақтарының жалғасын тауып, орында

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст