Текст
Алға негізгі мектебінде информатика пәні бойынша
«Қазақстанда Код сағаты» акциясы бойынша апталық өтті.
2019 жылдың 9-15 желтоқсан аралығында мектебімізде "Қазақстанда Код сағаты"акциясы өтті. Акцияға 3-9 – сынып оқушылары қатысты, барлығы 22 оқушы.
Бұл жерде оқушылар компьютерде Scratch 2 програмасымен жұмыс істеді, программалау ісін барлығы да меңгере алды, әр жас жеткіншек өзін программа құрастырушы ретінде сезінуіне және идеясын нөлден бастап жүзеге асыра алды. 5-9 сынып оқушыларымен информатика пәні бойынша сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа екі топ қатысты. Белсене қатысқан топтарға мадақтама берілді. Код сағаты бойынша лабиринттен өткен оқушылар сертификаттарға ие болды.