"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарын қадірлеген -ел ардақты.

18.10.2019

   

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

                                           мерекелік кездесу.
Жүргізуші:

                    Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
                    Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
                    Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
                    Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі қарттар күніне орай мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кездесуге қош келдіңіздер.
Ендеше бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Қауданова Қымбат Қауданқызына беріледі.
Жүр:   Асыл әжеміз,аталарымыз мақтанышымыз біздің де
           Қонақ болып отырсыздар  міне төрімізде.
           Өздеріңізге арнап тәтті үнмен
           Ән салатын кезіміз де келді .
6 сынып оқушыларының орындауында «Атам,әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Жүр:  Ата көрген оқ жонар
          Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға бимен 4 сынып оқушыларын                     шақырамыз.
Жүр: Ал енді ортаға біздің мектебіміздің қыздар тобын ортаға шақырамыз.
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік
«Рух пен тіл» әнімен қыздарды ортаға шақырайық.
 

Жүр: Баламның табанына кірген шөңір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.

 

 

Даярлық пен 2 сынып оқушыларының тақпақтары

Бейбарыс:

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.

Алібек:
 

Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.

Аңсар:
 

Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.

Ислам:
 

Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.
4 сынып оқушыларының орындауында ән: «Мен Қазақтың қызымын» қабыл алыңыздар.

Жүр: Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй. деп ортаға «Әкешім, Анашым» әнімен Аяжанды шақырамыз.

Жүр: Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки ән бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Оқушыларымызды  «Байтақ қазақ елім» әнімен 6 сынып қыздарын шақырамыз.
Жүр: Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Барлығымыз оқушыларымызды «Әжетайым» әнімен қарсы алайық.

Ән: «Саржайлау» Жанғожа Аяжанның  орындауында.
Жүргізуші:
Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.Қош сау болыңыздар.

 

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст