Жаз айлары – оқушылар үшін ерекше ықыласпен күтілетін мезгіл. Оқушылар демалысты жанға жайлы, қызықты өткізуді армандаймы.
Осыған орай Алға негізгі мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Рухани жаңғыру» аясында мектеп оқушыларымен Бурабай куроттық аймағына саяхатқа барып келдік.
Бурабай ұлттық паркі аймағында орналасқан табиғат мұражайы және хайуанаттар бағын саяхаттадық. Музей ішіндегі түрлі жан-жануарлар мүсіндерін көріп , өте тамаша әсер алып қайттық. Біздер жабайы жануарлар мен құстардың макеттері, осы жерде өсетін саңырауқұлақтар, минералдар мен өсімдіктер коллекцияларын қызықтадық.. Мұражайда Бурабайдың табиғаты жайлы мағлұматтарды тереңірек білдік. Соның ішінде қабан, бұғы, елік, аюлар мен түлкілерді қарау қызықты болды. Аққу көлі мен павлинды көргенде ерекше қуанышқа бөлендік.Сонымен қатар Абылайхан алаңын тамашалап, тарихқа үңілдік.
Біздің жүрегімізге ізгілік пен қуаныш сыйлаған жазғы демалыс бір күнін мағыналы өткізіп, үйге сергіп қана қоймай, Бурабай жерлерін тамашалап ,қызықтап ,еліміздің тарихынан әсермен қайтқанымыз сөзсіз.
Біздерге бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт. Сондықтан осы саяхатты ұйымдастырған аудан әкіміне, аудандық білім бөліміне және мектеп әкімшілігіне алғысымыз шексіз!