"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жер- тал бесігім

26.02.2021

Тақырыбы: Туған жер- тал бесігім
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Математика пәні мұғалімі Бакенова Салтанат Каирбекқызы .5-9 сынып оқушыларымен тәрбие сағатын ұйымдастырды,

Туған жер - ата қоныс, атамекен,

Бауыры талай жанға болған мекен.

Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға

Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.
 

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және де оқушылар! Бүгінгі  «Туған жер-тал бесігім!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Ауыл көрінісі слайд

 

Туған жер - ата қоныс, атамекен,

Бауыры талай жанға болған мекен.

Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға

Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем.
 

Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.

 

Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Ауылдың  қасиетті даласынан.

 

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы осы ауылда туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.

 

Топырақтан ауыл  иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та ауылыңнан  шығады.

 

Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,

 Шыр етіп, жарық дүниеге  келген жерім.

Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,

Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.

 

«Туған жер» әні Орындайтындар Жанғожа Аяжан,Олжабай Дариға

Көріп өстім таң атып, күн батқанын,

 Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын.

Қалай ғана сүймейін,перзент  болып

Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым

 

Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.

 Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,

Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.

 

Алға – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

 

Кешегі  асыр салған  дала мекен,

Есеңде ескірмей, бір қалады екен.

Бір жұтсаң туған жердің самал желін,

 Сусының шөлдегенде қанады екен.

Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Ауылымыздың болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?

Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан, балам, сен де өз туған  жеріңнің  тарихын білуге тиіссің.

Видео Ауыл ақсақалымен кездесу.

  • Немересі: Ата, туған жер деген не?
  • Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам. 
 

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.

 

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

 

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

 

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.       Орындайтын 5-сынып қыздары

2.Танымдық ойынды бастаймыз.
1топ:Каспий
 Ұраны:Толқынындай Каспийдің тербелеміз,
               Биіктерге білімменен кенелеміз.
2топ: Аманат
Ұраны:Аманат деп аталатын тобынан біз,
              Аманатын бабалардың орындаймыз.
1кезең. «Өткел»
Өткелден өту үшін  топ басшыларына 5 сұрақ беріледі.Әр дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.
                           «Каспий» тобының басшысына:
1 сұрақ.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
                                                   Жауабы: ( 1991ж.16 желтоқсан )
2 сұрақ.Туған жер туралы мақал айт.
                                                  Жауабы: (Ел іші-алтын бесік  )
3 сұрақ.Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы,қай күні қабылданды?
                                                  Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)
4 сұрақ.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
                                                   Жауабы: (қазақ тілі)
5 сұрақ. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?
                                                    Жауабы:Өтебай Тұрманжанов.
                                  «Аманат» тобының басшысына:
1 сұрақ.Қазақстан Республикасының президенті кім?
                                                     Жауабы: (Н.Ә.Назарбаев)
2 сұрақ.Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?
                                                      Жауабы: (1990 ж.25 қазан)
3 сұрақ. Қытай,Ресей,Қырғыз,Өзбек,Түркіменстан,Әзербайжан республикасымен шектесетін тәуелсіз мемлекет.
                                                       Жауабы: (Қазақстан Республикасы)
4 сұрақ. Қазақстан Республикасының бас қаласы.
                                                        Жауабы: (Астана)
5 сұрақ.Туған жер туралы мақал айт.
                                                        Жауабы: Туған жердей-жер болмас,
                                                                         Туған елдей-ел болмас.
2 кезең «Белес»
  Бұл  кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді,яғни 4 ұпай болып есептеледі.
Ұпайы көп топ бастайды.
                            « Каспий» тобына:
1 сұрақ.
 -Шіркін, жауынды жерге не жетсін!Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!-деп, мәз-мейрам болып жатты.
Сұрақ:Бұл қай мәтіннен алынған үзінді,кейіпкерлерін ата.
Қосымша көмек:Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен,жайлы қоныс бар ма екен?
                                                        Жауабы:Кімнің мекені жақсы?
                                                                       Тышқан,құрбақа,құмырсқа.
2 сұрақ.
 Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.
 Қосымша көмек:Бұл шығарманың  авторы  М.Мақатаев.
                                                        Жауабы:Отан туралы.
                               «Аманат» тобына:
1 сұрақ. Адам сыйға алған дәнін  әрі құрғақ,әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды.Көктем шыққан шақта,ақылының арқасында,үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып,соған әлгі  дәнді түгел себеді.
 Сұрақ:Бұл қай шығармадан алынған үзінді,авторы кім?
 Қосымша көмек:Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған  адамды сондай кенелтіп келеді.
                                                        Жауабы:Ақ бидай. Өтебай Қанахин.
2 сұрақ. Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген.
 Қосымша көмек:Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр.
                                         Жауабы:Ыстық қой, шіркін, туған жер!                                       3кезең«Бекет»
 Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді.Дұрыс жауап  6 ұпаймен есептеледі.
                            «Каспий»тобының жанашырларына:
Сұрақ. Көкшетау қай жылдан бастап құрылған ?
                                                        Жауабы:1824 жылы.
                          «Аманат» тобының жанашырларына:

Сұрақ.Біржан сал ауданының әкімі кім?
                                                        Жауабы: Достанбек Есжанов.
 

4 кезең. «Асу»
Екі сөзге 5 ұпай беріледі.
«Қазақстан» деген  сөзден  заттың  атын білдіретін  сөз жасау.
                                                        Жауабы:Қаз,ана,ат,тас,нан,сақа,ата,тана,Асан,қас.
Осымен «Туған жер, тал бесігім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

Просмотров: 705


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст