«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» (Мұқағали оқулары)
Мұқағали сөзіне жазылған ән орындалады.
Жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Жүргізуші:
Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»-деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқуларына қош келдіңіздер!
Ақмола облысы, Біржан сал ауданы «Алға ауылының негізгі орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Алия Амантаевна ұйымдастырды. 5-9 сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.