"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып дарабозы. сыныптан тыс сайыс сабағы

14.02.2020

Бастауыш сынып оқушыларына арналған

интеллектуалдық ойын

Тақырыбы: Сынып дарабозы

Мақсаты: 

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. 

Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. 

  • Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған «Зерде» интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

Бағдарлама кезеңдері:

I-айналым «Білгенге маржан»

II-айналым «Сиқырлы әріптер»

III-айналым «Құрастырма сурет»

IV-айналым « Математик»

V-айналым «Сырлы жұмбақ әлемі»

-Бүгінгі ойнымызға 2 сыныптан 3 оқушы , 3 сыныптан 4 оқушы қатысып отыр.

2 сыныпты «Алғырлар» тобы, ал 3 сыныпты «Тапқырлар» тобы деп атадық.Ал, енді ойнымызға әділ баға беріп,шешімін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. Мектеп директоры:                Қымбат Каудановна

2. Оқу- ісінің меңгерушісі:       Алия Амантаевна

3. Тәрбие ісінің меңгерушісі  : Салтанат Қаирбекқызы

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып.

Тәрбие ,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Ал, енді бүгінгі ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I-айналым «Білгенге маржан»

Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген  сұрақтар қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

2 сынып «Алғырлар»

1. Аптада неше күн бар.-7

2. «Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым...» Бұл не?- ертегі

3. Балалар білім алатын орын- мектеп

4. 5 пен 7 арасындағы қандай сан бар?- 6

5. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? -42

6. Қыс айларын ата -  желтоқсан,қаңтар,ақпан

7. Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?- (Т.Әубакіров )

8. Апорт алмасының отаны  - (Алматы)

9. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Ойнап босқа күлуге….  өлеңінің авторы кім?  (Абай)

10.Қазақстанның тұңғыш президенті (Н.Н.)

 

3 сынып «Тапқырлар»

1. Әліппе атасы кім?

2. Түйе атасын ата – Зеңгі баба

3. Санға 0-ді қоссаң не шығады? - сан

4. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? - 3

5. 3 бұрышы 3 қабырғасы бар фигураны ата - үшбұрыш

6. Көктем айларын ата. – наурыз, сәуір, мамыр

7. Абайдың шын аты-  (Ибраһим)

8. 46 сөзден тұратын Абайдың нақыл сөздері не деп аталады? (қара сөз)

9. Қазақтың үш биін ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

10.Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)

 

II-айналым «Сиқырлы әріптер»   

Екінші  кезеңде   топтарға қазақ  әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды. 
III- «Ойлы болсаң, озып көр» /әдебиет, қазақ тілінен сайыс/

А.Ж.Егизбаевтың «Микс жаттығуы» бойынша жүргізіледі.

1-топ Менің мектебім /Эссе жазады /

2-топ Менің мектебім /Постер құрайды/

3-топ Менің мектебім / Өлең құрайды /

 

IV-айналым « Математик»

Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ  сырын  шешеміз.

Келесі айналым- «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. 

 2 сынып «Алғырлар»

1.Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа қарап үш мысық отыр.Бөлмеде неше мысық бар? (4)

2. Төрт қоянның  неше құлағы  бар? (8)

3.1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма? (тең)

4. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр бала неше сағат ойнайды?(2сағаттан)

5. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (жауабы: 12 жұмыртқа)
 

3 сынып «Тапқырлар» 

1.Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг? (4 кг)

2. Үстел үстінде 3шам жанып тұр. Оның біреуін өшіргенде неше шам қалады?  (1 шам қалады,жанып тұрған екеуі жанып ағып кетеді)

3.Бұтақта 10 торғай отыр еді. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай бұтақта қалды? (1 торғай)

4.4жұмыртқа 4минутта піседі.1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4минутта)

5. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

 

V-айналым  «Тіл өнері» айналымы

 Бұл кезеңде жүргізуші қазақтың бір жұмбағын оқиды.  Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

1-жұмбақ:

Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп.                                          

 Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. (қалам-.ручка-пен )

2-жұмбақ:

Әттең, даусым, тілім жоқ,

 Құшағымда білім көп. (кітап-  книга–бук ...)

3-жұмбақ

Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (қарындаш-карандаш-пенсил)

4-жұмбақ

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап-книга-бук)

5-жұмбақ

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)-школа-скуул)
 

Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттау

-Міне, балалар осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды. Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Жеңген топты марапаттау, сыйлықтар беру. Ойынымызды «Мектебім» әнімен аяқтайық

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.02.2020 18:38
Құрылған күні: 14.02.2020 18:38

Текст