"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ризашылық пен алғыс

26.02.2020

Тәрбие сағаты:   Ризашылық пен алғыс.

 

Тақырыбы: "Ризашылық пен алғыс" 

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы 
түсініктерін кеңейту 

Міндеттері: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; 
-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық 
қарым-қатынасын дамыту; 
-әдептілікке,кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 

Көрнектілік: Суреттер.

Шаттық шеңбері:
Ризамын бүгінге, 
Ризамын бүгінге, 
Ризамын бүгінге, 
Ризамын қазірге! 
Ризамын,ризамын,,ризамын бүгінге, 
Ризамын,ризамын,,ризамын қазірге.

Әңгімелесу:
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? 
-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді? 
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? 
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? 
Балалардың жауаптары тыңдалады. 
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. 
-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі. 

Сахналау:
І-топ:Тәрбиеші және балалардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау. 
ІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау. 
Дәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. 
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.” 
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады. 
«Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. 
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. » 
Видео ролик:ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері.

Қорытындылау:
-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. 

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Алғыс,ризашылық,силастықты біледі. 
Болуы керек: Алғыс туралы түсінігі болады.
Баланың қолынан келуі: Балалар бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық,көмектесу,ризашылығын көрсете біледі.

  • ризашылық.docx
  • ризашылық.docx


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.02.2020 10:19
Құрылған күні: 26.02.2020 10:22

Текст